Accessibility links

Иранда жоғары шенді дипломат тұтқындалған


Иран дипломаты Багер Асади.
Иран дипломаты Багер Асади.
Иранның ISNA агенттігі наурыз айының ортасында Тегеранда жоғары дәрежелі ирандық дипломат Багер Асадидің тұтқындалғанын енді хабарлады. Дипломаттың не себепті тұтқындалғаны белгісіз.

Багер Асади бұған дейін Иранның Нью-Йорктегі БҰҰ миссиясының аға дипломаты, кейін дамушы елдердің D8 тобының Стамбулдағы хатшылығының директоры болған.

Асадидың Ирандағы реформистік қозғалыспен байланысы бар. Батыстық ақпарат құралдарына аты-жөнін атамауды сұраған сенімді дерек көзі Асадидің тұтқындалуы 14 маусымда өтетін президент сайлауымен байланысты болуы мүмкін екенін айтады. Асади - бұрынғы президент Мохаммад Хатамидің жақтасы. Дипломат бұдан бұрын ирандық консерваторларды "адам құқықтарын өрескел бұзып отыр" деп айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG