Accessibility links

Тамерлан Царнаевтың денесі туыстарына берілді


Бостондағы жарылысқа күдікті, полициямен атыста қаза тапқан Тамерлан Царнаев.

Бостондағы жарылысқа күдікті, полициямен атыста қаза тапқан Тамерлан Царнаев.

Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевтың мәйіті туыстарына берілді. Массачусетстің қоғамдық қауіпсіздік департаменті өкілінің айтуынша, Царнаевтың туыстары жалдаған жерлеу бюросының адамдары кеше марқұмның денесін мәйітханадан алып кеткен.

Америкалық сарапшылар 29 сәуірде Тамерлан Царнаевтың өлімінің ресми себебін анықтаған еді. Бірақ АҚШ үкіметі туыстары Царнаевтың мәйітін алып кетпейінше сараптама қорытындысын жарияламайтындарын айтқан.

Тамерлан Царнаев 19 сәуірде полициямен атыста оққа ұшқан. Оның інісі, күдікті Джохар Царнаев қазір ауруханада жатыр.

Джохар Царнаевқа жарылыс жасады деген айып тағылып отыр. Егер ол кінәлі деп танылса, өлім жазасына кесілуі мүмкін. Ағайындылардың анасы балаларының жарылысқа қатысы жоғын айтады.

15 сәуірде Бостонда марафон кезінде болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 264 адам жараланған еді.
XS
SM
MD
LG