Accessibility links

Белсенді Цуканов қамаудан босады


Министр Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырып, 7 күнге қамалған қарағандылық белсенді Андрей Цуканов бүгін қамаудан босады. Бұл туралы Азаттыққа оның өзі хабарлады.

Андрей Цуканов 26 сәуірде Алматыға зейнетақы жүйесінде жасалатын реформаны түсіндіруге келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке наразылық танытып, шикі жұмыртқа лақтырған еді. Сол күні әкімшілік сот оны "ұсақ бұзақылық жасады" деп айыптап, 7 тәулікке қамаған.

29 сәуірде оның сот шешіміне берген апелляциялық шағымын Алматы қалалық соты қанағаттандырмай, "Цуканов қамауда 7 тәулік отырып шығады" деп шешкен.
XS
SM
MD
LG