Accessibility links

Карзай АҚШ-ты Гуантанамо түрмесін жабуға шақырды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай. Брюссель, 23 сәуір 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай. Брюссель, 23 сәуір 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-тан Кубадағы Гуантанамо түрмесін жабуды тағы сұрады.

Карзай Данияға жасаған сапарында "Кабул Вашингтоннан Гуантанамо түрмесіндегі Ауғанстан азаматтарын босатуды сұрады" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ауғанстан бірнеше жылдан бері АҚШ және БҰҰ-мен бірге бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып келеді.

Қазір Гуантанамода отырған 166 тұтқынның 100 шақтысы аштық жариялап жатыр. Карзай АҚШ үкіметін "аштық жариялау мәселесіне адамгершілік тұрғыда қарауға" шақырды.

АҚШ президенті Барак Обама президент сайлауына алғаш түскен кезде түрмені жабуға уәде берген еді.
XS
SM
MD
LG