Accessibility links

Назарбаев "ақпарат еркіндігі дұшпандары" тізіміне енді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия медиа форумында сөйлеп тұр. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия медиа форумында сөйлеп тұр. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.

Баспасөз еркіндігін қорғайтын халықаралық Reporters Without Borders ұйымы 3 мамыр - дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне орай ақпарат бостандығын шектейтін мемлекет басшылары мен саясаткерлердің, дінбасылардың, қарулы топтар мен қылмыстық ұйымдардың жыл сайынғы тізімін жариялады.

Оған бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен журналистер құқықтарын бұзады делінген саясаткерлер, діни жетекшілер, әскерилер мен қылмыстық топтар кірген. Тізімде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аты да аталады.

Ұйым халықаралық қауымдастықты экономикалық және геосаяси мүдделерді бәрінен жоғары қоймауға шақырады. "Табиғи байлықтарының арқасында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев өздерін ешкім тезге салмайды деген сенімде жүр" делінген ұйым есебінде.

Биылғы тізімге бірінші рет Қытайдың жаңа президенті Си Цзиньпин, сириялық жиһадшыл "Джабхат әл-Наср" тобы, Египеттегі "Мұсылман бауырластар" ұйымының мүшелері мен жақтастары, пәкістандық қарулы топтар мен мальдивтік діни экстремистер қосылған.
XS
SM
MD
LG