Accessibility links

Қырғыз-қазақ шекарасында АҚШ ұшағы құлады


Манас әуе базасындағы Американың транзиттік орталығындағы ұшақтар. Бішкек. Көрнекі сурет.

Манас әуе базасындағы Американың транзиттік орталығындағы ұшақтар. Бішкек. Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасына жақын, Шу аймағындағы Чалдовар ауылының маңына ұшақ құлады деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Абдишарип Бекилов әуе көлігінің "Манас" әуе базасынан ұшып шыққан америкалық транзиттік жүктерді тасымалдайтын орталыққа тиесілі жанармай таситын KC-135 ұшағы екенін айтады. Ұшақ құлаған жер - Панфилов ауданының Чалдовар ауылы "Манастан" 90 километр қашықтықта орналасқан.

Панфилов ауданы әкімінің айтуынша, жергілікті тұрғындар ұшқыштың ұшақ құлағанға дейін секіріп үлгергенін көрген. Қазір оны іздестіріп жатыр.

Зардап шеккендер жайлы әзірге мәлімет жоқ. Оқиға орнына құтқарушылар аттанып кеткен.
XS
SM
MD
LG