Accessibility links

Бішкекте Царнаевты қолдаған парақша иесін іздеп жатыр


Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаев.

Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаев.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаевты қолдауға шақырған үнпарақтарды таратып жүрген адамдарды іздеп жатыр.

МҰҚК-нің хабарлауынша, Бішкекте осы аптада белгісіз біреулер үйлердің қабырғалары мен көшеге Царнаевтың суреті бейнеленіп, "Джохар кінәсіз, оның тілеуін тіле" деген мазмұндағы сөздер жазылған үнпарақтар іліп кеткен.

19 жастағы Джохар Царнаев әуелде Қырғызстанда тұрып, кейін АҚШ-қа қоныс аударған. Ол ағасы Тамерлан Царнаев екеуі Бостонда өткен марафон кезінде жарылыс жасады деген күдікке ілінген еді. Тамерлан Царнаев 19 сәуірде полициямен атыста қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG