Accessibility links

Қырғызстанда құлаған ұшақ экипажы әлі табылмады


KC-135 Stratotanker ұшағы құлаған орында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Қырғызстан, Шу облысы, 3 мамыр 2013 жыл.

KC-135 Stratotanker ұшағы құлаған орында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Қырғызстан, Шу облысы, 3 мамыр 2013 жыл.

Қырғызстанда апатқа ұшыраған АҚШ-тың жанармай таситын KC-135 Stratotanker ұшағының экипажын іздеу бүгін ата қайта басталды.

3-мамырда Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасына жақын маңда, Панфилов ауданының Чаволдар ауылына жақын жерде "Манас" әуе базасынан ұшып шыққан АҚШ транзиттік тасымалдау орталығына қарасты ұшақ апатқа ұшыраған еді.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Құбатбек Бороновтың айтуынша, кеше ұшақтың қара жәшігі табылған. "Біз экипаждың үш мүшесін іздеп жатырмыз. Егер олар ұшақ ішінде қалып қойған болса, онда түгі қалмай жанып, я күйіп кетуі де мүмкін. Себебі ұшақтың метал бөлшектеріне дейін түгел өртеніп кеткен" деді ол.

Оқиға орнында комиссия ұшақтың апатқа ұшырау себептерін зерттеп жатыр.
XS
SM
MD
LG