Accessibility links

Тамерлан Царнаев өлімінің "себебі" жария болды


Бостондағы жарылысқа күдікті, марқұм Тамерлан Царнаев.

Бостондағы жарылысқа күдікті, марқұм Тамерлан Царнаев.

АҚШ үкіметі Бостондағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевтың өлімінің себебін жария етті. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, Царнаев "атылған оқтан басынан және кеудесінен жараланып" қайтыс болған.

Этникалық шешен, 26 жастағы Царнаев 19-сәуірде полициямен атыста қаза тапқан еді. Оның неден қайтыс болғаны туралы қорытынды марқұмның денесін туыстары мәйітханадан алып кеткен соң жарияланды. Туыстары жалдаған жерлеу бюросы өкілдерінің айтуынша, марқұмды өздеріне жерлеуге әзірге еш зират рұқсат бермей отыр.

Жарылыс жасады деген күдікті, Тамерланның інісі Джохар Царнаев қазір қамауда. Егер оның айыбы дәлелденсе, ол өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бірақ оның анасы баласына тағылған айыптарды жалған дейді.

15-сәуірде Бостон марафоны кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 263 адам жараланған.
XS
SM
MD
LG