Accessibility links

АҚШ шетел студенттерінің визаларын тексермек


Солдан оңға: Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).
Солдан оңға: Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі Кеден және шекара күзеті қызметіне елге келетін шетелдік студенттердің студенттік визаларын мұқият тексеруге тапсырма берді деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Бұған дейін, 1-мамырда Ақ Үй Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаевтың айғақ заттарын жасырып қалмақ болды деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тажаяков АҚШ-қа қаңтар айында мерзімі өтіп кеткен студенттік визамен кірген деп хабарлаған еді.

Агенттіктің дерегіне қарағанда, Тажаяков өткен жылы желтоқсанда АҚШ-тан кетіп, 20-қаңтарда қайтып барған. "Оны университеттен академиялық тұрғыдан шығарып жібергендіктен студенттік визасының мерзімі қаңтардың басында аяқталған. Бірақ шекара қызметі агенттерінің Ішкі қауіпсіздік министрлігінің студенттер мен елге келушілер туралы ақпараттық жүйесінен мәлімет алуға рұқсаты болмаған" дейді Associated Press.

Ішкі қауіпсіздік министрлігінің өкілі Питер Бугарда осы аптаның басында үкіметтің Тажаяковқа елге кіруге қалай рұқсат берілгенін анықтап жатқанын айтқан еді.

Сәуірдің 15-і күні ​Бостон қаласында дәстүрлі түрде өтетін марафон кезінде бомба жарылып, 3 адам мерт болып, 170-тен астам адам жараланған еді.
XS
SM
MD
LG