Accessibility links

Бангладеште құлаған ғимарат құрбандары саны тағы көбейді


Қираған тігін фабрикалары орналасқан ғимарат. Савар, Бангладеш, 24 сәуір 2013 жыл.
Қираған тігін фабрикалары орналасқан ғимарат. Савар, Бангладеш, 24 сәуір 2013 жыл.
Бангладештің ресми орындары өткен аптада тігін фабрикалары орналасқан ғимараттың құлауынан мерт болғандар саны 540-қа жеткенін хабарлады. 50 адамның я өлі, я тірі екені белгісіз.

Ел астанасы Даккадан 30 километр қашықтықтағы Савар қаласындағы сегіз қабатты Rana Plaza ғимараты 24 сәуірде құлаған еді. Апат болған мезгілде ғимаратта ауысыммен жұмыс істейтін 3 мыңға тарта жұмысшы болған. Апаттан 2400-ден астам адам жараланып, түрлі деңгейде зардап шеккен еді. Құлаған ғимарат үйінділерінің астында қалып кеткендерді құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Бангладеш экономикасында экспорттың 80 пайызын тігін өнеркәсібінің өнімдері құрайды. Италиялық Benetton сияқты әлемге танымал киім компаниялары Rana Plaza-дағы фабрикалардан шыққан өнімдерді пайдаланады.
XS
SM
MD
LG