Accessibility links

Израиль Сирияға әуеден соққы бергенін растады


Сирияның картасы. (Көрнекі сурет).

Сирияның картасы. (Көрнекі сурет).

Израиль үкіметі сенбіде Сирия аумағына әуеден соққы бергенін растады. Associated Press агенттігінің хабарлауына қарағанда, үкіметтің аты-жөнін атамаған жоғары шенді өкілдері жұма күні Израиль қарулы күштерінің ливандық "Хезболла" ұйымына бара жатқан әскери жүк нысанаға алып, әуеден соққы жасағанын айтқан. Бірақ соққының нақты қай жерге жасалғаны айтылмаған.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұған дейін "Сирия аумағынан "Хезболла" ұйымына қандай да бір химиялық қару немесе қару-жарақ жөнелтілгені байқалса, Тель-Авивтің соққы беретінін" бірнеше рет айтқан еді.
XS
SM
MD
LG