Accessibility links

Каддафи тұсындағы Ливия шенеуніктеріне тыйым салынды


Ливия премьер-министрі Али Зидан. Триполи, 28 сәуір 2013 жыл.
Ливия премьер-министрі Али Зидан. Триполи, 28 сәуір 2013 жыл.
Ливия парламенті экс-президент Муаммар Каддафи тұсында билікте болған шенеуніктерге жаңа үкіметте қызмет етуге тыйым салатын заң қабылдады.

Депутаттар жаңа заңды 2011 жылы Каддафи билігін күшпен құлатуға қатысқан қарулы топтар мүшелері бірнеше күн бойына ереуіл өткізген соң қабылдап отыр. Олар заңға бұрынғы режим өкілдерінің қызмет істеуіне тыйым салатын өзгерістердің әлі қабылданбағанына наразылық білдірген еді.

Сарапшылардың пікірінше, шектеуден соң қазіргі үкімет мүшелерінің бірқатары отставкаға кетуі мүмкін. Мысалы, премьер-министр Али Зидан оппозицияға келгенше, Каддафи тұсында (1980 жылға дейін) дипломат болған еді. Сарапшылар "заң Зиданның 1980 жылға дейін атқарған қызметі оған жаңа үкіметте қызмет етуге тыйым салуға негіз бола ала ма" деген сұраққа жауап бермейді дейді.

Муаммар Каддафи 2011 жылдың қазан айында көтерілісшілер қолынан қаза тапқан еді. Кейін оның ұлы Саиф әл-Ислам, қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Абдулла әл-Сенусси тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG