Accessibility links

Египет бикини мен алкогольге рұқсат етпек


Египеттің туризм министрі Хишам Зазу. Ирак, 16 сәуір 2013 жыл.
Египеттің туризм министрі Хишам Зазу. Ирак, 16 сәуір 2013 жыл.
Египет дағдарысқа тап болған туризм индустриясын оңалту үшін туристерге ішімдік қолдануға және бикини киюге рұқсат ететін болды. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен баспасөз жиынында Египеттің туризм министрі Хишам Зазу мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Каир биыл елге келетін туристер санын 2011 жылғы халық толқуларынан кейінгі деңгейінің бестен біріне дейін көбейтуді көздеп отыр. Соңғы екі жылда елге келетін туристер саны күрт азайып, бұл сала тоқырауға ұшырай бастаған еді.

Елдегі радикалды салафиттік топтар бұған дейін ішімдіктер мен бикиниге тыйым салуды талап етіп келген еді. Жиында Хишам Зазу "Египеттің бикиниге қарсы емес екенін және алкогольді сусындар бұрынғыдай сатылымда тұрғанын" атап өтті.

Халық толқулары басталғанға дейін бюджет түсімінің оннан бір бөлігін туризм саласы қамтамасыз ететін еді. 2010 жылы Египет бұл саладан 12,5 миллиард АҚШ доллары қаржы тапқан.
XS
SM
MD
LG