Accessibility links

Парижде Олландтың саясатына наразылық танытты


Франция президенті Франсуа Олланд. Брюссель, 14 наурыз 2013 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд. Брюссель, 14 наурыз 2013 жыл.

Парижде жексенбіде он мыңдаған адам көшеге шығып, президент Франсуа Олланд үкіметінің саясатына наразылық танытты.

Шамамен 30 мыңға тарта адам Олландтың социалистік билігі "өзін қолдаған солшыл жақтастарын сатып кетті" деп айыптады. Демонстранттар бұған қоса "президент үлкен бизнестің мүддесін жұмысшылардың қауіпсіздігінен жоғары қойып, Еуропаның экономикалық дағдарысқа ұшырауына түрткі болды" дейді.

Бұған қоса кейбір оңшыл топтар да үкіметтің бір жыныстылардың некеге тұруына және олардың бала асырап алуына рұқсат етпек болғанына наразылық білдірді.

Таяуда жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі Олланд Францияның кейінгі тарихындағы беделі ең қатты түскен президент екенін көрсеткен. Сауалнамаға қатысқан француздар көбінесе экономиканың әлсіреуі мен жұмыссыздық деңгейінің артуына наразы екендерін айтқан.

Франсуа Олланд осыдан бір жыл бұрын экс-президент, оңшыл Николя Саркозимен сайлауға түсіп, жеңіске жеткен еді.
XS
SM
MD
LG