Accessibility links

АҚШ-та Царнаевты жерлеу рәсімін туысы атқарады


Бостондағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевтың туысы Руслан Царни. Мэриленд штаты, 19 сәуір 2013 жыл.
Бостондағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевтың туысы Руслан Царни. Мэриленд штаты, 19 сәуір 2013 жыл.
Бостондағы жарылысқа күдікті, полициямен атыста қаза тапқан Тамерлан Царнаевты жерлеу жауапкершілігін оның туысы Руслан Царни мойнына алды.

Руслан Царни Массачусетстегі Царнаевтың мәйітін сақтап отырған жерлеу бюросына барды. Царнаевты жерлеу рәсімінде оған тағы үш адам көмектеспек.

Жерлеу бюросының директоры бұған дейін Массачусетстің өзінде Тамерлан Царнаевты жерлеуге еш зират құлық танытпай отырғанын айтқан еді. Бірақ кейін басқа штаттан марқұмды жерлеуге орын бөлетіні туралы ұсыныстар түскен.

Этникалық шешен, ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтар Бостондағы жыл сайынғы дәстүрлі марафон кезінде жарылыс жасады деген күдікке ілінген. 26 жастағы Тамерлан Царнаев 19 сәуірде полициямен атыста қаза тапқан. Ал 19 жастағы Джохар Царнаев қазір қамауда отыр.

15 сәуірде Бостон марафоны кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 263 адам жараланған.
XS
SM
MD
LG