Accessibility links

Саудиялық қыздар спортпен айналыса алатын болды


Сауд Арабиясының жеңіл атлеті Сара Аттар Лондон олимпиадасының жарыс жолында. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Сауд Арабиясының жеңіл атлеті Сара Аттар Лондон олимпиадасының жарыс жолында. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Сауд Арабиясы жеке меншік мектептерде қыз балалардың дене шынықтыру сабақтарына қатысуына рұқсат етті.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, білім министрлігі жеке меншік мектептерде қыздардың "шариғат талаптарын орындай отырып" дене шынықтыру пәніне қатысуына рұқсат еткен. Министрлік жеке меншік мектептерге қыздарға арналған спорт зал және спорттық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге тапсырма берген. Оқушылар дене шынықтыру сабағына арнайы форма киіп келуі қажет. Ал сабақты тек саудиялық әйел мұғалім ғана жүргізуі тиіс.

Шариғат заңдарын басшылыққа алатын Сауд Арабиясында қыз балаларға арналған мемлекеттік мектептерде қыздардың дене шынықтыру сабағына, спорт үйірмелеріне баруына тыйым салынған.

Сауд Арабиясы бұған дейін ересектердің спорт жарыстарына әйелдерді жібермейтін болған. Әйелдерге тек 2012 жылы ғана олимпиада жарыстарына хиджабпен қатысуға рұқсат етілді.
XS
SM
MD
LG