Accessibility links

Бангладеште полиция мен ереуілшілер қақтығысты


Полиция демонстранттарды ұрып таратып жүр. Дакка, 5 мамыр 2013 жыл.
Полиция демонстранттарды ұрып таратып жүр. Дакка, 5 мамыр 2013 жыл.
Бангладеш астанасы Даккада бүгін исламшыл наразы тұрғындар мен полиция арасында қақтығыстар болды. Қауіпсіздік күштері көшеге шыққан он мыңдаған адамды көзден жас ағызатын газ және резеңке оқтармен атып, қуып таратты.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дакка мен оның маңындағы аудандарда қақтығыстарда барлығы 15 адам мерт болған. Оның екеуі - полиция, біреуі - арнайы жасақ сарбазы. Ондаған адам жараланған.

Исламшылдар құдайға тіл тигізгендерді жазалайтын заңды күшейтуді, әсіресе оларға өлім жазасын қолдануды талап етіп, исламдық білім беруге баса назар аударуға шақырады.
XS
SM
MD
LG