Accessibility links

Германияда "неонацист" әйелдің соты басталды


Неонацистік астыртын "Ұлттық социалистік ұйым" мүшесі Беате Чепе сот залында. Мюнхен, 6 мамыр 2013 жыл.
Неонацистік астыртын "Ұлттық социалистік ұйым" мүшесі Беате Чепе сот залында. Мюнхен, 6 мамыр 2013 жыл.
Мюнхенде (Германия) неонацистік топтың мүшесі, "нәсілдік жеккөрушілікпен кісі өлтірді" деп айыпталған әйел Беате Чепенің соты басталды.

Тергеу деректеріне қарағанда, 2007-2008 жылдары қаза тапқан сегіз түрік, бір грек азаматының және бір неміс полицейінің өліміне 38 жастағы Беате Чепенің қатысы бар. Ол бұған қоса екі жарылысқа және 15 банкті тонау ісіне қатысты айыпталған.

Чепемен бірге "оған көмектесті" деген айыппен "Ұлттық социалистік ұйымның" төрт мүшесі де сотталмақ. Олардың екеуі 2011 жылы банкті тонау кезінде өз-өздерін жарып жіберіп, қаза тапқан еді.

Егер Беате Чепенің айыбы дәлелденсе, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сот ғимараты маңында нәсілшілдікке қарсы наразылық акциясы өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG