Accessibility links

Оралда көлік апатынан 3 адам мерт болған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Мамырдың 6-сы күні кешке Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтысып қалған.

Жергілікті "Уральская неделя" газетінің хабарлауынша, оқиға салдарынан жеңіл көлікте отырған 3 адам қаза болған. Қатты зақымданған автокөліктен қаза болғандардың сүйегін құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен шығарған.

Сонымен бірге жол апаты болған жерден жеті адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Бұның алдында, сәуірдің 30-ы күні, Оралда тағы бір автобус пен жеңіл автокөлік соқтығыс қалып, автобуста болған бірнеше жолаушының жеңіл жарақат алғаны туралы хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG