Accessibility links

Германияда "неонацист топтың" соты тоқтатылды


Солдан оңға: айыпталушылар Уве Мундлос, Беате Чепе және Уве Бенхардт.

Солдан оңға: айыпталушылар Уве Мундлос, Беате Чепе және Уве Бенхардт.

Германияда неонацистік топқа байланысты өтіп жатқан сот отырысы басты айыпталушының - Беате Чепенің адвокаты судьяға сенімсіздік танытқан соң тоқтатылды. Сот төрағасы Манфред Гетцельдің айтуынша, отырыс қорғаушы тараптың арызын талқылау үшін доғарылған.

Тергеу деректеріне қарағанда, 2007-2008 жылдары қаза тапқан сегіз түрік, бір грек азаматының және бір неміс әйел полицейінің өліміне 38 жастағы Беате Чепенің қатысы бар. Ол бұған қоса екі жарылысқа және 15 банкті тонау ісіне байланысты да айыпталған.

Чепемен бірге "оған көмектесті" деген айыппен "Ұлттық социалистік ұйымның" төрт мүшесі де сотқа тартылмақ. Олардың екеуі 2011 жылы банкті тонау кезінде өз-өздерін жарып жіберіп, қаза тапқан еді.

Егер Беате Чепенің айыбы дәлелденсе, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG