Accessibility links

Ана мен балаға ең қауіпсіз ел - Финляндия


Анасы мен сәбиі (Көрнекі сурет).

Анасы мен сәбиі (Көрнекі сурет).

Save The Children қайырымдылық ұйымы әлем елдеріндегі ана мен балаға жағдай жасау көрсеткіштеріне арналған жыл сайынғы есебін жариялады.

Ұйым ана денсаулығы, әйелдердің білім алуы мен табысы, бала өлімінің деңгейін есепке алып, 176 елдің рейтингін түзген. Тізімде ана мен балаға жағдай ең жақсы жасалған ел Финляндия болып танылған. Ал тізімнің соңында Конго Демократиялық Республикасы тұр. Рейтингтің соңында тұрған он мемлекеттің бәрі Африканың тропикалық аймағында орналасқан.

Ұйым деректеріне қарағанда, Конгода 30 әйелдің біреуі босану кезінде немесе басқа да жағдайларда қаза табады. Ал Финляндияда 12 мың 200 әйелдің біреуі ғана босану кезінде қайтыс болады.

Жаңа туған балалар ең көп қайтыс болатын ел - Үндістан. Save The Children мұнда жыл сайын 310 мыңға тарта жаңа туған сәби шетінейтінін айтады.

АҚШ әйелдердің өмір сүру сапасы жөнінен 30-орында тұр. Дамыған елдер арасындағы жаңа туған бала өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші сол елде тіркелген.

Қазақстан бұл рейтингте 65-орынды иеленген. Save The Children-ның мәліметі бойынша, Қазақстанда өткен жылы жаңа туған әрбір 1000 сәбидің 5-уі шетінеп кеткен. Ал туғаннан кейінгі бір айдың әрбір 1000 баланың 14-і қайтыс болған.
XS
SM
MD
LG