Accessibility links

Ресей мен АҚШ Сирия мәселесін бейбіт шешуді қолдайды


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Мәскеу, 7 мамыр 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Мәскеу, 7 мамыр 2013 жыл.
Ресей мен АҚШ сириялық көтерілісшілер мен ресми Дамаскіні қақтығыстарды бейбіт, саяси келіссөздер арқылы шешуге көндіруге тырысып көрмек. Бұл туралы сейсенбіде Мәскеуде кездескен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

Джон Керри Мәскеуге 7 мамырда екі күндік ресми сапармен барған еді. Ол сапарының алғашқы күні Ресей президенті Владимир Путинмен, министр Сергей Лавровпен және басқа да ресми тұлғалармен кездесті. Кездесуден соң баспасөз жиынын өткізген Керри мен Лавров екі ел осы айдың соңына дейін Сирия мәселесіне арналған халықаралық конференция ұйымдастыру бағытында бірлесе жұмыс істейтінін айтты.

Джон Керридің айтуынша, конференция өткен жылы Женевада қабылданған Сирияда өтпелі үкімет құру жоспарды талқылауға арналмақ.

Женева жоспары бойынша өтпелі үкіметке қос тараптың да өкілдері кіреді. Бірақ егер үкімет ұсынған кандидаттарға қарсы болса, қос тарапқа да оған вето қоюға құқығы берілмек.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия президенті Башар Асадтың уақытша үкімет құрамына кіру-кірмеу мәселесін сириялықтардың өздері шешетінін айтады.
XS
SM
MD
LG