Accessibility links

Мәжіліс Ұлыбританияның әскери жүк тасуын ратификациялады


Гелманд провинциясында жүрген Ұлыбритания әскери ұшағы. Ауғанстан, 30 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Гелманд провинциясында жүрген Ұлыбритания әскери ұшағы. Ауғанстан, 30 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

8 мамырда Қазақстан парламенті мәжілісі ел аумағы арқылы "Ұлыбританияның Ауғанстанды қалпына келтіруге қатысқан сарбаздары мен әскери жүгін тасымалдауға рұқсат беру туралы" заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, "келісім бойынша Ұлыбритания ұшақтарының Қазақстан аумағына қонбай, тіке ұшып кетуіне рұқсат етіледі".

Ұлыбританиялық ұшақтар Қазақстанның әуе кеңістігінде жанармай құя алмайды, тек апатты жағдайларда болмаса жанармай құю үшін немесе басқа да мақсаттарда ел аумағына қонуына рұқсат жоқ.
XS
SM
MD
LG