Accessibility links

Березовский Ұлыбританияда жерленді


Бұрынғы ресейлік олигарх Борис Березовский. Лондон, 31 тамыз 2012 жыл.

Бұрынғы ресейлік олигарх Борис Березовский. Лондон, 31 тамыз 2012 жыл.

Бұрынғы ресейлік олигарх Борис Березовский Ұлыбританияның Суррей графтығындағы Бруквуд зиратында жерленді.

Ресей президенті Владимир Путинді сынаушылардың бірі, 67 жастағы Борис Березовскийдің өлі денесі 23 наурызда Лондон түбіндегі үйінен табылған. Ұлыбритания полициясы Березовскийдің мәйітін тексергеннен кейін марқұмның асылып өлгенін мәлімдеген.

Бизнесменді қай елде (Ұлыбританияда немесе өзі бұрын тұрған Ресейде) жерлеуге байланысты дау ұзаққа созылып, жерлеу рәсімі кешіккен еді.

Борис Березовский Ресейде 1990 жылдардың басында бизнес жасап, саясатқа араласты. Ол Ресейде 2000 жылдары билікке келген президент Владимир Путиннің саясатымен келіспей, шетелге кетіп қалған.
XS
SM
MD
LG