Accessibility links

Түркіменстанда Азаттық тілшісі тұтқындалды


Ровшен Йазмұхамедов.

Ровшен Йазмұхамедов.

Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісін осы елдің солтүстігіндегі Түркіменабад қаласында жергілікті полиция тұтқындады.

30 жастағы Ровшен Йазмұхамедов (Rovshen Yazmuhamedov) Азаттықта 2012 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді.

Ол негізінен әлеуметтік мәселелер туралы хабарлар даярлап келген.

9 мамырда Йазмұхамедовтың туыстары Азаттықтың Түркімен қызметіне оның тұтқындалғаны туралы хабарлаған.

Тілшінің тұтқындалуының себептері туралы билік өкілдері әзірге ешқандай түсінік бермеген.

Ровшен Йазмұхамедовтың туыстарының айтуынша, "Журналист ішкі істер департаментінің 6-абақтысына қамалған, негізінен ол абақтыға ұйымдасқан қылмыс пен терроризмге қатысты күдіктілерді жабады".

Туыстарының айтуынша, Йазмұхамедовты Түркіменстанның қауіпсіздік қызметі бұған дейін бірнеше рет тергеген.
XS
SM
MD
LG