Accessibility links

Ресейде пойыз апатынан 52 адам зардап шеккен


Ростов облысы Белая Калитва станциясындағы теміржол апаты. Ресей, 9 мамыр 2013 жыл.
Ростов облысы Белая Калитва станциясындағы теміржол апаты. Ресей, 9 мамыр 2013 жыл.
Ресейдің Ростов облысы Белая Калитва станциясындағы теміржол апатынан зардап шеккен адамдар 52-ге жетті. Ауруханада 18 адам жатыр, оның 10-ы - күйік орталығында, біреуі - реанимацияда деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі.

Жергілікті биліктің айтуынша, апат болған маңға жақын үш станцияның 400-дей тұрғыны бүлінген цистерналарды алып кеткенше эвакуацияланады. Қауіп сейілгені хабарланған соң Белая Калитваның 500-ден астам тұрғыны үйлеріне оралған.

Бейсенбіге қараған түні Белая Калитва станциясында жүк пойызының локомотивінен өрт шыққан еді. Өрт 50-ден астам вагонға тиіп, 41 вагон мен цистерна бүлінген, 12-сі түгел жанып кеткен. Пойыз химиялық заттар, бензин, пропан, мазут құйылған цистерналары бар 69 вагон болған.
XS
SM
MD
LG