Accessibility links

Әзербайжанда Азаттық тілшісі ұсталды


Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің тілшісі Азер Әли жер дауынан видеорепортаж жүргізіп тұрғанда ұсталды. Оқиға 10 мамыр күні Әзербайжан - Иран шекарасына жақын Имишли ауданында болған.

Бұл туралы Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі хабарлайды.

Осы аудан тұрғындарының бірі наразылық ретінде 150 бас малын аудан әкімшілігі ғимараты алдынан айдап өтпек болған. Азаттық тілшісі оқиғаны түсірерде ұсталған. Полиция наразылық танытқан оппозициялық «Әзербайжан халықтық майданы» партиясының белсендісі Вугар Кадиров пен бірнеше тұрғынды да ұстап, малды таратып жіберген. Бұл ұсталғандарға айып тағылмай артынан босатылған.

Тұрғындар мал өрісіне байланысты наразылық білдірген. Олар өздеріне тиесілі мал өрісін көрші ауыл тұрғындары басып алған деп есептейді.

Азер Әли 8 мамырда рұқсат етілмеген жиын ұйымдастырды деген айыппен сотқа шақыртылған.
XS
SM
MD
LG