Accessibility links

АҚШ: Максим Бакиевтің ісі тоқтатылды


Максим Бакиев (ортада) Вестминстер сотында. Лондон, 7 желтоқсан 2012 жыл

Максим Бакиев (ортада) Вестминстер сотында. Лондон, 7 желтоқсан 2012 жыл

АҚШ-тың федералдық прокурорының өкілі Роберт Нардоза Азаттыққа америкалық прокурорлардың Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевқа қарсы қаржылық алаяқтыққа байланысты қозғалған істі тоқтатып тастағандарын мәлімдеді. Нардоза бұл шешімнің себебін түсіндірген жоқ.

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаев осы елдегі АҚШ елшісін бұл шешімге қатысты Қырғыз үкіметінің наразылығын жеткізуге шақырды.

Максим Бакиев былтырғы қазан айында АҚШ-тың өтініші бойынша Ұлыбританияда ұсталып, қамаудан уақытша босау ақысын төлеу арқылы сол елде тұрып жатқан еді. Ол Ұлыбританияға 2010 жылғы сәуір айында әкесі бұрынғы президент Құрманбек Бакиев биліктен қуылған соң қашып келген болатын. АҚШ Максим Бакиевке тергеу амалдарын шатастырмақ болды деп күдік келтірген. Оны Қырғызстан "жемқор" ретінде сыртынан 25 жылға соттап, іздеу жариялаған.
XS
SM
MD
LG