Accessibility links

Пәкістандағы тарихи сайлауда қан төгілді


Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы дауыс беру. 11 мамыр 2013 жыл
Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы дауыс беру. 11 мамыр 2013 жыл
Пәкістанда жергілікті Талибан өкілдерінің қоқан-лоқысына қарамастан дауыс беру жалғасып жатыр. 11 мамыр күні сайлау басталысымен Карачиде бомба жарылып 10 адам өлді. Пәкістандық Талибан ұйымы сайлауды "анти-исламдық" деп айыптап, дауыс беру ісіне кедергі жасайтындарын мәлімдеген.

Азаттықтың Пәкістан қызметі Пешавар қаласында дауыс беруші әйелдерге де шабуыл жасалғанын хабарлады. Мұнда кем дегенде бір адам қаза тапты. Талибанның ықпалы күшті Солтүстік Вазиристан ауданында әйелдерге дауыс бермеу туралы ескерту жасалған.

Жалпы дауыс беру алдындағы сайлау кампаниясы кезінде болған осындай шабуылдардан жалпы саны 120-дан астам адам өлген. Бұл жолғы сайлауды ерекше етіп тұрған жағдай - Пәкістанның 66 жылдық тарихында бірінші рет үкімет толық мерзім міндетін атқарып шығып, сайлаушылар келесі құрамын дауыс беру арқылы анықтап жатыр.
XS
SM
MD
LG