Accessibility links

Нью-Орлеандағы шабуылда 19 адам жараланды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласында жексенбіде Аналар күні құрметіне өткен парад кезінде бейбіт тұрғындарға оқ атылып, 19 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, ешкім қаза тапқан жоқ.

Федералды тергеу бюросы (FBI) оқиғаны терроризммен байланысы жоқ, "жай ғана зорлық-зомбылық актісі" деп мәлімдеме жасады. Полиция шабуылға қатысы бар деген күдікті үш адамды іздестіріп жатыр.

Шабуыл жасалған аумақта 400-ге тарта адам болған.
XS
SM
MD
LG