Accessibility links

Ахмединежадқа айып тағылуы мүмкін


Иран президенті Махмуд Ахмединежад (оң жақта) пен президенттіктен үміткер Эсфандияр Рахим Машаи. Тегеран, 11 мамыр 2013 жыл.
Иран президенті Махмуд Ахмединежад (оң жақта) пен президенттіктен үміткер Эсфандияр Рахим Машаи. Тегеран, 11 мамыр 2013 жыл.
Иранның конституциялық қадағалау кеңесі президент Махмуд Ахмединежадқа "сайлау заңдарын бұзды" деген айып тағуы мүмкін. Ахмединежад өткен сенбіде Тегеранда президент әкімшілігінің басшысы Эсфандияр Рахим Машаиды президент сайлауына кандидат ретінде тіркеуге өзі бастап апарған еді.

Конституциялық қадағалау кеңесінің өкілі Аббас Әли "Ахмединежадтың Рахим Машаиды тіркеуге апарарда сайлау заңдарын бұзғанын" айтады. Иран заңы бойынша, мемлекет басшысы президенттіктен үміткерлерге қолдау көрсетпеуі тиіс. Аббас Әлидің сөзінше, президент айыпты деп танылса, алты айға қамалуы мүмкін немесе 74 дүре соғылады.

Рухани жетекші аятолла Әли Хаменеиге жақын адамдар бұған дейін Рахим Машаиды теократиялық басқару жүйесіне оң көзқараста емес деп айыптаған еді. Махмуд Ахмединежадтың өзі екі мерзім президент болып сайланғандықтан алдағы сайлауға қатыса алмайды.

Иранда президент сайлауына үміткерлерді тіркеу 12 мамырда аяқталған. Соңғы мәліметтер бойынша, 680-нен астам үміткер тіркелген. Бірақ сайлауға нақты кімдер қатысатынын конституциялық қадағалау кеңесі шешеді.
XS
SM
MD
LG