Accessibility links

HRW Өзбекстанды Әндіжан оқиғасына қатысты сынады


Human Rights Watch ұйымы "Әндіжан оқиғасынан кейін де Өзбекстандағы адам құқықтарының жайы жақсармады" деп мәлімдеме жасады.

Вашингтонда орналасқан ұйым 2005 жылы 13 мамырда - Әндіжанда болған қырғынға сегіз жыл толуына орай мәлімдеме таратты. Онда оқиғаға қатысты ешкімнің жауапқа тартылмағаны және президент Ислам Каримовтың өзбек сарбаздарының демонстранттарға оқ атқанына тәуелсіз тергеу жүргізуден бас тартып отырғаны айтылады. Ұйым бұған қоса 2005 жылдан бері Өзбекстанның "әлемдегі адам құқықтарын ең жиі бұзатын ел" ретінде аты шыға бастағанын да ескерткен.

2005 жылы 13 мамырда Әндіжан қаласында алаңға шыққан жұртқа Өзбекстан полициясы оқ жаудырып, ресми дерек бойынша 187 адам қаза тапты. Бабыр алаңында билік "акрамистер" деген айып тағып, тұтқынға алынған 26 бизнесменді қорғауды көздеген митинг өткен еді. Өзбекстан билігі бұл бизнесмендерді 1990 жылдары тыйым салынған "Акрамия" қозғалысының жақтастары" деп мәлімдеді.

Митингіге шыққан Әндіжанның бірнеше мың тұрғыны халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсарту және елдегі қуғын-сүргін саясатын доғару жөнінде де талаптар қойған еді.
XS
SM
MD
LG