Accessibility links

Прокурорлар Берлускониді 6 жылға соттауды сұрады


Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони.

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони.

Милан прокурорлары Италияның экс-премьері Сильвио Берлускониді жыныстық бопсалау ісіне қатысты алты жылға соттауды және мемлекеттік қызмет істеуге өмір бойы тыйым салуды сұрады.

Берлусконидің үстінен қазір "қызметін теріс мақсатта пайдаланды" және "кәмелетке толмаған жезөкшелермен байланыста болды" деген айып тағылып, сот жүріп жатыр.

76 жастағы миллиардер және медиа магнат Сильвио Берлускони Италия үкіметін басқарып тұрған кезінде 17 жасар марокколық Карима эль-Маругпен көңіл қосты деп айыпталды.

Бірақ Эль-Маруг Берлусконимен жыныстық қатынаста болғанын жоққа шығарады. Өткен аптаның басында апелляциялық сот Берлускониді "салықтан жалтарғаны үшін" төрт жылға соттау туралы шешімді күшінде қалдырған еді.
XS
SM
MD
LG