Accessibility links

БҰҰ: Жәндіктерді азық ретінде көбірек тұтынған жөн


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық агенттігі жәндіктер мен құрт-құмырсқаларды тамақ ретінде пайдалану аштықпен күресуге көмектесіп, қоршаған ортаның ластануын азайтатынын мәлімдеді. Бұл туралы агенттік жария еткен баяндамада айтылады.

Ұйымның дерегі бойынша, жер шарында екі миллиардтан астам адам жәндіктерді тамақ ретінде пайдаланады. Бірақ ұйым бұған қоса Батыс елдері тұрғындарының жәндіктерден жиіркену сезімі оларды протеиннің негізгі көзі ретінде пайдалануға кедергі келтіріп отырғанын айтады.

БҰҰ мамандарының мәлімдеуінше, қоңыздар, шегірткелер мен жұлдызқұрттар және жәндіктердің басқа да түрлерін жоғары сапалы протеин және тойып тамақ ішпейтін балаларға сіңімді тамақ ретінде пайдалануға болады.

Баяндамада жәндіктердің барлық жерді мекендеп, тез көбейетіні және оларды тұтыну қоршаған ортаға көп зиян келтірмейтіні айтылған.
XS
SM
MD
LG