Accessibility links

Samsung: 5G технологиясы сынақтан сәтті өтті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Samsung компаниясы жоғары технологиялы сымсыз интернет байланысының соңғы буыны - 5G-дің сынақтан сәтті өткенін хабарлады. Компания таратқан мәлімдемеге қарағанда, сымсыз байланыстың соңғы буыны қазіргі 4G-ден жүздеген есе жылдам жұмыс істейді.

Компания мамандары сынақ кезінде бір секунд ішінде бір гигабайттық ақпаратты екі километр қашықтықта тасымалдай алған. Оңтүстік кореялық компьютер алпауытының өкілдері болашақта қолданушылар жоғары сападағы контентке бір демде қол жеткізіп, тұтас бір фильмді бір секінд ішінде жүктеп ала алады деп үміттеніп отыр.

Бірақ Samsung өкілдері 5G технологиясы қолданысқа 2020 жылдан кейін шыға бастайды деп болжайды.
XS
SM
MD
LG