Accessibility links

Рамзан Қадыров: Шешенстан YouTube-ке тыйым салмайды


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров. Грозный, 19 наурыз 2013 жыл.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров. Грозный, 19 наурыз 2013 жыл.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров YouTube-ке тыйым салуға қарсы екенін мәлімдеді. Серноводск қаласында журналистермен кездескен Қадыров YouTube желісін "мұсылмандарды кемсіткісі келетіндер мен қоғамды жікке бөлгісі келетін радикалдарға жауап беру үшін" қолдануға болатынын айтты.

2012 жылдың шілде айында Грозный соты АҚШ-та түсірілген "Мұсылмандардың пәктігі" фильмін шығарғаны үшін YouTube-ті Шешенстан аумағында құлыптауға шешім қабылдаған еді.

Мұхаммед пайғамбарды жағымсыз түрде бейнелеген «Мұсылмандар пәктігі» фильмі 2012 жылы 11 қыркүйекте шыққан. Жекеменшік кинокомпанияда түсірілген фильм кейбір мұсылман елдерінде наразылық акцияларын тудырып, әлемнің әр түрлі елінде он шақты адам қаза тапты. Бұдан соң Ресейде және басқа да бірнеше мемлекетте ол фильмді көрсетуге тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG