Accessibility links

Associated Press: АҚШ телефон жазбамызды ұрлады


Associated Press агенттігінің президенті Гэри Прюитт. Вашингтон, 3 сәуір 2012 жыл.

Associated Press агенттігінің президенті Гэри Прюитт. Вашингтон, 3 сәуір 2012 жыл.

Associated Press агенттігі "АҚШ-тың әділет министрлігі журналистеріміздің 2 ай бойғы телефон әңгімелерін ұрлады" деген мәлімдеме таратты.

Агенттік президенті Гэри Прюитт АҚШ бас прокуроры Эрик Холдерге хат жолдаған. Хатта үкіметтің ешқандай тергеусіз агенттік ақпараттарын жинағанына наразылық айтылған.

Гэри Прюиттің айтуынша, әділет министрлігі байланыс операторларынан Associated Press-тің 20 қызметкерінің телефон әңгімелерін сұратқан. Бірақ министрлік бұл әрекеті жайлы Associated Press-ке 10 мамырда ғана хабарлаған. Бірақ телефон жазбаларын не үшін алдырғанын түсіндірмеген.

Бұдан бұрын Associated Press жаңалықтарында АҚШ-тың Йеменде терроризмге қарсы операция жүргізетіні хабарланған еді. Үкімет оның әскери-құпия ақпарат болғанын мәлімдеді. Ал прокуратура Associated Press-ке бұл мәліметті кім бергенін анықтауға кірісті.
XS
SM
MD
LG