Accessibility links

Зейнет реформасына наразы азаматтар сенатқа хат тапсырды


Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

"Сейсенбіде бір топ белсенді парламент сенатына зейнетақы жүйесі туралы заң жобасына наразылық білдіріп, 30 мыңға тарта адамның қолы қойылған хат тапсырды" деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Азаматтық белсенді Айтқожа Фазыловтың айтуынша, хатта белсенділер сенат депутаттарын әйелдердің зейнет жасын ұзартатын заң жобасын мақұлдамауға шақырған. "Хатқа қол қойғандар - Қарағанды мен оның маңындағы қалалардың және Жезқазғанның тұрғындары" дейді ол.

Фазылов "хатта заң жобасы қабылданса елдегі әйелдердің жағдайы нашарлап, бала туу азаятыны, жастар арасында жұмыссыздық артып, Ресейге қоныс аударушылар саны көбейетіні туралы жазылған" дейді.

24 сәуірде мәжіліс "Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасы мен оған енгізілген түзетулер туралы ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдаған еді. Құжатта әйелдердің зейнетке шығу жасын 2014 жылдан бастап 10 жыл ішінде жылына жарты жылға ұлғайтып, қазіргі 58 жастан 63 жасқа дейін жеткізу қарастырылған.

Сенат заң жобасын 16 мамырда пленарлық отырысында талқылайды.
XS
SM
MD
LG