Accessibility links

Құқық қорғаушылар Харламовқа қарсы істі айыптады


Құқық қорғаушы, журналист Александр Харламов.

Құқық қорғаушы, журналист Александр Харламов.

Қазақстандық адам құқықтарын қорғау бюросы бүгін Ридддер қаласында тұратын журналист, құқық қорғаушы Александр Харламовтың тұтқындалып, мәжбүрлі түрде психиатрлық емдеуден өткізіліп жатқанын айыптады.

Харламов наурыз айында тұтқындалып, "діни алауыздықты қоздырды" деген айып тағылған еді. Сәуірдің соңында оны мәжбүрлеп Алматыдағы жүйке ауруларын емдейтін клиникаға жатқызған.

Қазақстандық адам құқықтары бюросының жетекшісі Евгений Жовтис Алматыда өткен баспасөз жиынында Харламовтың ісін "Қазақстанның ортағасырлық зұлматқа қайтып оралуының белгісі" деп атады.

- Өкінішке орай, Қазақстан заңдары адамның психиатрлық емдеуден қалай өтіп жатқанын құқық қорғаушылар немесе қоғам тарапынан бақылап отыруға рұқсат етпейді. Бұл қазіргі жағдайда биліктің өзіне ұнамағандарды "психиатрлық емдеу" арқылы "жөнге салып алуына" мүмкіндік беріп отыр, - дейді Евгений Жовтис.

Жиында Харламовтың әйелі Марина Каплунская күйеуіне қарсы қозғалған істің саяси астары бар дегенді айтты. Оның сөзіне қарағанда, күйеуі аймақтық газетте жергілікті полицияны сынаған мақала жариялаған соң психиатрлық сараптамадан өткізілген.

Таяуда Александр Харламовтың туыстарына онымен жолығуға рұқсат бермей қойған еді. Оның Азаттықтың мына мақаласынан оқуға болады.
XS
SM
MD
LG