Accessibility links

Жақтастары Джолидің омырау безін алдырғанын құптады


Актриса Анджелина Джоли.

Актриса Анджелина Джоли.

Актриса Анджелина Джолидің қатерлі ісік қаупінен омырау безін алдырып тастағанын дәрігерлері, қолдаушылары мен белсенділер құптады. 37 жастағы Джоли сейсенбіде New York Times басылымында жарияланған мақалада қатерлі ісік пайда болу қаупінен омырау бездерін операция жасатып алдырып тастағанын айтқан еді.

Джолидің дәрігері, хирург Кристи Фанк өз блогында "Біз Анджелина Джолидің денсаулығы туралы барлығының хабардар болғаны әлемде көптеген адамның өмірін құтқарып қалады деп сенеміз" деп жазады. Ал актрисаның күйеуі Бред Пит оның шешімін ерлік деп бағалаған.

Актрисаның айтуынша, дәрігерлер оның омырауынан қауіпті BRCA1 генін тапқан. Актрисаның өзі "дерттің алдын алу " мақсатында операция жасатып, қатерлі ісіктің пайда болу қаупін біршама азайтқанын айтады.

Анджелина Джоли мен оның күйеуі - актер Бред Питтің алты баласы бар. Олардың үшеуін асырап алған.
XS
SM
MD
LG