Accessibility links

Мәжіліс ауыл әкімдерін сайлау туралы заң жобасын мақұлдады


Парламент мәжілісі. Астана.
Парламент мәжілісі. Астана.
Бүгін мәжіліс депутаттары пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Жоба мәслихат депутаттарының аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл, селолық округ әкімдерін сайлау нормаларын қарастырады.

Заң жобасы жергілікті жерлердегі әкімдердің өз аймағындағы мәселелерді шешуінде қаржылай және экономикалық әл-ауқатын кеңейту жағын да қарастырады деп хабарланған. Жобада әкімдерге өзінің табыс көзін жасау құқын беру, аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін тиімді пайдалану мақсатында ауыл әкімдері қарауына тапсыру да көзделген.

Бұған дейін, мәжіліс жобаны алғашқы оқылымда мақұлдағанда өңірлік даму министрі Министр Сағынтаев жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы екі кезеңге (2013-2015 және 2015-2020 жылдар) бөлінгенін айтқан.
XS
SM
MD
LG