Accessibility links

Жириновскийдің Қырғызстанға кіруіне тыйым салынды


Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский. Мәскеу, 1 мамыр 2013 жыл.

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский. Мәскеу, 1 мамыр 2013 жыл.

Қырғызстан парламенті Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновскийді "нон-грата тұлға" деп жариялап, ел аумағына кіруіне және онда жүріп тұруына тыйым салды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, депутат Жұлдыз Жолдошова көтерген бұл ұсынысты 100 депутаттың 67-сі қолдап дауыс берген. Парламент депутаттарының мұндай шешім қабылдауына Жириновскийдің Қырғызстанды "кемсітіп, орынсыз қаралаған пікірі" себеп болған.

Либералды-демократиялық партия жетекшісі Владимир Жириновский өткен айда Қырғызстан 500 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қарызын кешіру үшін Ыстықкөлді Ресейге беруі керек деген еді.
XS
SM
MD
LG