Accessibility links

Экономикалық қылмыс жазаларын жеңілдететін заң мақұлданды


Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы Сенат депутаттарының жалпы отырысы. Көрнекі сурет.
Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы Сенат депутаттарының жалпы отырысы. Көрнекі сурет.
Сенат депутаттары бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды одан ары қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасын мақұлдады.

Bnews.kz сайтының хабарлауынша, жоба қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін экономикалық қылмыстарға қолданылатын жазаны жеңілдетуге бағытталған. Олардың қатарында бас еркінен айыру түріндегі жазаны алып тастау, бас бостандығынан айыру жазасының мерзімін азайту шаралары бар.

Бұған қоса бас еркінен айыру жазасын қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу сияқты баламалы жаза түрлерімен алмастыру көзделіп отыр.
XS
SM
MD
LG