Accessibility links

БҚО-да үш азамат "терроризм" айыбынан ақталды


Батыс Қазақстан облысының (БҚО) қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты терроризм айыбы бойынша сотталған үш азаматты ақтады.

Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады. Мәліметке қарағанда, істі болғандар - осы облыс азаматтары.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот "террористік топ құрды, оны басқарды, қызметіне қатысты" деп сотталған үш азаматты айыптары дәлелденбегендіктен ақтаған.

Бірақ сот осы азаматтарды терроризм айыбы бойынша ақтағанымен, басқа қылмыс бойынша айыпты деп тапқан. Сот үш азаматты "жалған тапанша мен электрошок пайдаланып дүкен тонады" деген айып бойынша төрт, бес және алты жылға соттаған.
XS
SM
MD
LG