Accessibility links

Бекхэм спорттан кететінін жариялады


Ағылшын футболшысы Дэвид Бэкхем.

Ағылшын футболшысы Дэвид Бэкхем.

Ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм маусымның соңында спорттан кететінін мәлімдеді.

38 жастағы футболшы бұл жайында Sky Sports телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

"Спорттық мансабымды аяқтап, үлкен ойындарға қатысуды доғаратын уақыт жетті деп ойлаймын" дейді Бекхэм.

Бұған дейін футболдан ағылшын құрамасының капитаны болған Бекхэм қазір Францияның бірінші лигасындағы "Пари Сен-Жермен" клубында ойнайды. Ол клубпен биыл қаңтар айында бес айға келісім-шарт жасасқан. Футболшы клубтан алған барлық жалақысын балаларға арналған қайырымдылық қорына аударды.

Дэвид Бекхэм спортта жүрген 20 жылда 19 рет түрлі спорттық атақтарды жеңіп алды. Оның 10-ы - чемпиондық титул. Бекхэм - қатарынан төрт елдің чемпионы атағын жеңіп алған жалғыз ағылшын футболшысы.

Ол бұған дейін ағылшынның "Манчестер Юнайтед", мадридтік "Реал" және Лос-Анджелестің "Гэлакси" клубтарында ойнаған.
XS
SM
MD
LG