Accessibility links

ЕО: Жыныстық азшылық қысым көреді


Хорватияда гейлер митинг өткізіп тұр, 2011 жыл. Көрнекі сурет.

Хорватияда гейлер митинг өткізіп тұр, 2011 жыл. Көрнекі сурет.

Еуропа Одағының (ЕО) адам құқықтары агенттігі "құрлық елдерінде жыныстық азшылық топтарына деген төзімсіздік пен зорлық-зомбылық кең таралып отыр" деп мәлімдеді.

Венада орналасқан Адамның фундаменталды құқықтары агентігі ЕО елдері мен Хорватияда 93 мыңнан астам гей, трансгендер және гомосексуалдан алынған сауалнама нәтижесін жария етті. Сауалнамаға қатысқандардың 47 пайызы жыныстық өзгешелігіне байланысты кемсітушілік немесе қысым көргенін айтқан.

Зерттеу қорытындысы бойынша, Еуропада жыныстық азшылық өкілдері кемсітушілікке ең аз ұшырайтын мемлекет Нидерланд (30 пайыз) болып танылған. Ал Хорватия, Румыния және Литвада жауап бергендердің 60 пайызы білім беру, жұмысқа тұру және денсаулық сақтау саласында кемсітушілік көретіндерін айтқан.

Агенттік ЕО елдерін жыныстық азшылық өкілдерінің құқықтарын ескере отырып тұрғын үй және басқа қызмет көрсету саласындағы заңнамаларды қайта қарап, жетілдіруге шақырды.

17 мамыр - халықаралық гомофобияға қарсы күрес күні.
XS
SM
MD
LG