Accessibility links

Қырғыз ауылында этникалық жанжал болды


Қырғызстан картасы. Көрнекі сурет.

Қырғызстан картасы. Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ала-Бұқа ауданы Сафед-Бұлан ауылында қырғыз және өзбек жастары жаппай төбелесіп, қауіпсіздік шарасы күшейтілді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, жанжал бейсенбі күні кешке болған. Облыстық ішкі істер департаменті бастығы Малик Нурдиновтің айтуына қарағанда, бір адам ауруханаға түсіп, бірнеше адамға медициналық көмек көрсетілген. Жанжалға не себеп болғаны белгісіз.

2010 жылы маусымда Жалал-Абад пен Ош облыстарында қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында қақтығыс болған еді. Қақтығыстан ресми дерек бойынша 447 адам қаза тауып, мыңға тарта адам жараланған.
XS
SM
MD
LG