Accessibility links

"Қазақмыстың" жаңа басшысы тағайындалды


"Қазақмысқа" қарасты кәсіпорын. Global Witness-тің суреті.

"Қазақмысқа" қарасты кәсіпорын. Global Witness-тің суреті.

"Қазақмыс" металлургиялық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып Саймон Хил тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Владимир Ким атқарып келген еді. Компанияның корпоративтік байланыстар департаменті акционерлердің жыл сайын өтетін жиынында осындай шешім қабылданғанын хабарлады.

Саймон Хил бұған дейін 5 жыл "Қазақмыстың" атқарушы емес директоры болып қызмет істеп келген, әрі аудит комитетін басқарған. Владимир Ким директорлар кеңесінің атқарушы емес мүшесі болып қала бермек және компаниядағы үлесін сақтап қалмақ. Компания стратегиялық өзгеріс жасалмайды деген мәлімет таратты.

Forbes журналының мәліметі бойынша Владимир Ким әлемдегі ең дәулетті адамдар тізімінде 641-орын алып тұр.
XS
SM
MD
LG