Accessibility links

Ирак: жұмадағы жарылыстардан 75 адам өлген


Бомба жарылысы болған жер. Бакуба қаласы, Ирак, 17 мамыр 2013 жыл.
Бомба жарылысы болған жер. Бакуба қаласы, Ирак, 17 мамыр 2013 жыл.
Ирак билігінің хабарлауынша, жұма күні елдің әр аймағында жасалған жарылыстар салдарынан мерт болғандар саны 75 адамға жеткен. Бұл жарылыстар негізінен сүнниттер тұратын аудандарда болды. Осыдан бірнеше күн бұрын шииттер тұратын аудандарда осындай жарылыстар болған еді.

Мамырдың 17-і күні Бағдаттан 50 шақырым жердегі Бакуба қаласындағы мешітте екі бомба жарылысынан жұма намазына келген 40-тан астам адам қаза болып, 60-қа жуығы жараланған. Сол сияқты Бағдат, Мадаин, Әл-Фаллуджа қалаларында жарылыстар ондаған адамның өмірін қиды.

Бұған дейін БҰҰ Иракта сәуір айында 700-ден астам адамның мерт болғанын айтып, бұл Ирак үшін соңғы бес жылдағы ең көп қаза тіркелген ай болды деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG